AI промпт орталығы

Мұғалімге арналған дайын промпттар

[Жақшадағы] бөлімдерді өз сабағыңызға ауыстырыңыз. «Қолдану» батырмасы промптты көшіріп, ChatGPT-ді ашады.

Сабақ жоспарын құру

45 минуттық сабақ жоспары

Маған [сынып]-сыныпқа арналған ағылшын тілі сабағының 45 минуттық жоспарын құр. Тақырып: [тақырып]. Оқу мақсаттары, сабақ кезеңдері (кіріспе, жаңа материал, практика, рефлексия), әр кезеңнің уақыты, мұғалім мен оқушы әрекеті, дескрипторлар және геймификация элементтері болсын.

Сабақ жоспарын құру

Сараланған сабақ жоспары

[Тақырып] бойынша [сынып]-сыныпқа үш деңгейлі (A, B, C) сараланған тапсырмалары бар сабақ жоспарын жаса. Әр деңгейге нақты тапсырма, уақыт және бағалау критерийін бер.

Ағылшын тілі тапсырмаларын генерациялау

Грамматика жаттығулары

[Грамматикалық тақырып, мысалы: Present Perfect] бойынша [сынып]-сыныпқа 15 жаттығу құрастыр: 5 бос орын толтыру, 5 көп нұсқалы тест, 5 сөйлем құрау. Соңында жауаптар кілтін бер.

Ағылшын тілі тапсырмаларын генерациялау

Оқылым мәтіні + сұрақтар

[Тақырып] бойынша [сынып]-сыныпқа (A2–B1 деңгей) 150 сөзден тұратын қызықты мәтін жаз. Мәтіннен кейін 5 түсіну сұрағы, 5 жаңа сөз аудармасымен және 1 шығармашылық тапсырма бер.

HTML/CSS/JavaScript ойындарын құрастыру

Кез келген ойынның толық коды

Маған [Ойын атауы, мысалы: 38. Monster Evolution] ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырып]. Оқушылар интерактивті түрде экрандағы батырмаларды басып ойнай алатындай, дизайны заманауи, түрлі-түсті әрі қызықты болсын.

Интерактивті ойын жасау

Monster Evolution (Дұрыс жауаппен құбыжықты дамыту)

Маған «Monster Evolution» ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: 5-сынып, Математика - Бөлшектер / Ағылшынша дұрыс етістіктер]. Ойынның шарты: Оқушылар экрандағы тапсырмаларға дұрыс жауап берген сайын сүйкімді құбыжық (monster) эволюция өтіп, өсіп, жаңа деңгейге жетеді. Дұрыс емес жауап берсе, өмірі азаяды. Дизайны өте заманауи, түрлі-түсті, оқушылар экрандағы батырмаларды басу арқылы интерактивті ойнай алатындай болсын.

Интерактивті ойын жасау

Tug of War (Арқан тартыс сайысы)

Маған «Tug of War» (Арқан тартыс) ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: 6-сынып, Қазақстан тарихы - Сақтар заманы / Физика - Жылдамдық]. Ойынның шарты: Экранда екі топ немесе оқушы мен компьютер арқан тартысады. Әрбір дұрыс жауап берілген сайын арқан оқушы жаққа тартылады. Дизайны жарқын, динамикалық анимациялары бар, мобильді телефонда да, компьютерде де ыңғайлы басқарылатын болсын.

Интерактивті ойын жасау

Space Quiz Ranger (Ғарыштық викторина)

Маған «Space Quiz Ranger» ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: 7-сынып, География - Материктер / Химия - Элементтер]. Ойынның шарты: Ғарыш кемесі астероидтарды (сұрақтарды) жоюы керек. Сұраққа дұрыс жауап берсе, астероид жарылып, ұпай қосылады. Неондық заманауи дизайнмен, дыбыс әсерлері (Web Audio API) және ұпай есептегішімен жабдықталсын.

Интерактивті ойын жасау

Treasure Hunt (Қазына іздеу картасы)

Маған «Treasure Hunt» (Қазына іздеу) ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: 8-сынып, Әдебиет - Абай жолы / Биология - Жасуша құрылысы]. Ойынның шарты: Экранда қазына картасы беріледі. Оқушы санмен белгіленген нүктелерді басып, сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап сандықтың кілтін ашады. Интерактивті карта түріндегі көркем дизайны мен соңында құттықтау эффекті (confetti) болсын.

Интерактивті ойын жасау

Tower Defense Quiz (Қамалды қорғау)

Маған «Tower Defense Quiz» ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: 9-сынып, Алгебра - Квадраттық функциялар / Информатика - Python негіздері]. Ойынның шарты: Қамалға жақындап келе жатқан жауларды тоқтату үшін оқушы сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беруі тиіс. Дұрыс жауап жауды жоятын мұнараны белсендіреді. Заманауи геймификация элементтерімен, таймермен және прогресс-бармен жасалсын.

Интерактивті ойын жасау

Match & Merge (Сәйкестендіру және біріктіру)

Маған «Match & Merge» ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: Ағылшын тілі - Synonyms & Antonyms / Физика - Формулалар мен өлшем бірліктер]. Ойынның шарты: Экрандағы карточкаларды сүйреп (Drag and Drop) немесе басу арқылы сәйкес ұғымдарды біріктіру керек. Сәйкес келген сөздер жойылып, ұпай береді. Оқушыларға ыңғайлы, анимациялық эффектілері бар, ашық түсті дизайн берілсін.

Интерактивті ойын жасау

Millionaire Quiz Show (Кім миллионер болғысы келеді?)

Маған «Millionaire Quiz Show» стиліндегі интерактивті ойынның толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: 5-9 сыныптар, Жалпы дүниетану / Оқу сауаттылығы]. Ойынның шарты: 10 сұрақтан тұратын деңгейлік ойын. Әрбір дұрыс жауап ұпайды арттырады. 50/50, Көмек алу сияқты интерактивті батырмалар болсын. Телешоу форматындағы премиум эстетикалық дизайнмен жасалсын.

Интерактивті ойын жасау

Wheel of Fortune & Task (Бақыт дөңгелегі және тапсырма)

Маған «Wheel of Fortune» (Айналмалы дөңгелек) ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: 6-сынып, Синонимдер / Математикалық ауызша есептер]. Ойынның шарты: Оқушы «Айналдыру» батырмасын басады. Дөңгелек тоқтаған сектордағы сұраққа немесе тапсырмаға жауап береді. Жарқын түсті, айналу анимациясы тегіс, интерактивті элементтері бар веб-қосымша құрастыр.

Интерактивті ойын жасау

Speed Runner (Жылдам жауап 🏃)

Маған «Speed Runner» викториналық ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: 7-сынып, Биология - Адам анатомиясы / География - Астаналар]. Ойынның шарты: Әр сұраққа 10 секунд уақыт беріледі. Жүгіруші кейіпкер дұрыс жауап берген сайын мәреге жақындай түседі. Таймері, өмір сандары (HP) және қорытынды нәтиже терезесі бар заманауи динамикалық интерфейс жаса.

Интерактивті ойын жасау

Escape Room / Mystery Chest (Сырлы сандық / Құпия бөлме)

Маған «Escape Room» (Кілтін тап) ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Ойынның тақырыбы: [Тақырыпты жазыңыз, мысалы: 9-сынып, Физика - Электр тогы / Информатика - Системалық блог]. Ойынның шарты: Бөлмеден шығу үшін оқушы 5 түрлі жасырын сұрақты тауып, кодын енгізуі тиіс. Барлық код дұрыс енгізілгенде құпия құлып ашылады. Квест стиліндегі жұмбақ, заманауи қара-көк түсті, өте қызықты интерактивті дизайн жаса.

AI арқылы кері байланыс жасау

Emoji-o-Meter (Пиксар эмоциялары мен көңіл-күй)

Маған «Emoji-o-Meter» интерактивті кері байланыс веб-бетінің толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Тақырып: [Сынып бен Пән аты, мысалы: 6-сынып, Ағылшын тілі - Present Continuous]. Идеясы: Pixar-дың «Inside Out» (Ойжұмбақ) мультфильмі стиліндегі 5 түрлі анимированный эмоция кейіпкері (Шаттық, Таңғалыс, Ойшыл, Шатасу, Шаршау) болсын. Оқушы өз көңіл-күйін таңдап, батырманы басқанда кейіпкер 3D анимациямен реакция беріп, сабақтан алған әсерін сипаттайтын қысқа пікір ұсынады. Дизайны жарқын, интерактивті әрі өте тартымды болсын.

AI арқылы кері байланыс жасау

Skill-Up Tree (Өсу және шеберлік ағашы)

Маған Pixar-дың «A Bug's Life» немесе «Brave» стиліндегі «Skill-Up Tree» интерактивті кері байланыс артефактісінің толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда дайындап бер. Тақырып: [Тақырып аты, мысалы: 7-сынып, Физика - Жылдамдық пен тығыздық]. Идеясы: Экранда сиқырлы бұтақтары бар ағаш орналасады. Оқушылар экрандағы «Бүгін не үйрендім?», «Не қиын болды?», «Кімге көмектестім?» деген 3 батырманы басады. Әр басылған сайын ағашта жаңа сиқырлы жапырақтар немесе жемістер бүршік жарып, ағаш өседі. Заманауи, түрлі-түсті және анимированный болсын.

AI арқылы кері байланыс жасау

Idea Rocket (Ғарыштық идея зымыраны)

Маған «Toy Story» (Buzz Lightyear) стиліндегі «Idea Rocket» кері байланыс қосымшасының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Тақырып: [Тақырып аты, мысалы: 8-сынып, Химия - Периодтық кесте]. Идеясы: Экранда ұшуға дайын ғарыш зымыраны тұрады. Оқушы сабақтағы өз отынын (рефлексиясын) таңдайды: 1) «Толық түсіндім (100% отын)», 2) «Сұрақтарым бар (50% отын)», 3) «Қайталау керек (25% отын)». Оқушы таңдау жасап, «Іске қосу» батырмасын басқанда зымыран от шашып ғарышқа ұшады. Дизайны неонды, 3D визуалды эффектілері бар заманауи болсын.

AI арқылы кері байланыс жасау

Storyboard Slide (Мультфильм кадрлары арқылы рефлексия)

Маған Pixar аниматорларының раскадровкасы (Storyboard) стиліндегі «My Lesson Story» кері байланыс веб-бетінің толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда дайындап бер. Тақырып: [Тақырып аты, мысалы: 5-сынып, Математика - Бөлшектер]. Идеясы: Экранда комикс/мультфильмнің 3 кадры беріледі: «Басы (Қалай бастадым?)», «Ортасы (Не үйрендім?)», «Соңы (Қандай деңгейдемін?)». Оқушылар әр кадрды интерактивті стикерлер мен батырмаларды басу арқылы толтырады. Соңында олардың сабақтағы саяхатының анимированный карточкасы шығады.

AI арқылы кері байланыс жасау

Badge Collector (Шеберлік белгілерін жинаушы)

Маған Pixar-дың «Up» (Жоғары) мультфильміндегі скаут белгілері стиліндегі «Badge Collector» интерактивті кері байланыс кодын бір файлда жазып бер. Тақырып: [Тақырып аты, мысалы: 9-сынып, Информатика - Python негіздері]. Идеясы: Экранда 5 түрлі интерактивті белгі (Badge) тұрады: «Теория шебері», «Практик», «Сұрақ қойғыш», «Тапқыр», «Көмекші». Оқушы бүгінгі сабақта өзіне тән 1-2 белгіні басып таңдайды. Белгілер жарқырап, шарлар ұшып, оқушыға жігерлендіруші рефлексиялық жауап қайтарады. Дизайны өте жарқын, заманауи интерактивті болсын.

AI арқылы кері байланыс жасау

Feedback Galaxy (Сиқырлы галактика)

Маған Pixar-дың «WALL-E» / «Elio» стиліндегі «Feedback Galaxy» интерактивті рефлексия бетінің толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Тақырып: [Тақырып аты, мысалы: 6-сынып, Қазақстан тарихы]. Идеясы: Экранда айналып тұрған галактика мен 3 түрлі ғаламшар көрсетіледі: «Нұрлы планета (Маған бәрі түсінікті)», «Тұманды планета (Ойланатын сұрақтар бар)», «Құпия планета (Тағы зерттегім келеді)». Оқушы планетаны басқанда, ол жақындап, ішінен интерактивті кері байланыс сұрақтары ашылады. Ғарыштық заманауи дизайн болсын.

AI арқылы кері байланыс жасау

Adventure Map (Сабақ саяхатының картасы)

Маған Pixar-дың «Coco» немесе «Onward» стиліндегі «Lesson Adventure Map» кері байланыс веб-қосымшасының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда дайындап бер. Тақырып: [Тақырып аты, мысалы: 8-сынып, География - Материктер]. Идеясы: Экранда карта және оның бойында 3 аялдама тұрады: 1) Старт (Старттағы білімім), 2) Асу (Сабақтағы қиындықтар), 3) Финиш (Қол жеткізген нәтижем). Оқушы кейіпкерді аялдамалар бойынша басып жылжытады. Әр аялдамада кішігірім интерактивті тест/рефлексия батырмалары болады. Дизайны ертегілік, заманауи, өте қызықты болсын.

AI арқылы кері байланыс жасау

Brain Recharge (Миды зарядтау станциясы)

Маған Pixar-дың «Monsters, Inc.» (Құбыжықтар корпорациясы) стиліндегі «Brain Recharge» интерактивті рефлексия кодын бір файлда жазып бер. Тақырып: [Тақырып аты, мысалы: 7-сынып, Биология - Жасуша құрылысы]. Идеясы: Экранда энергетикалық баллон (мидың зарядталу деңгейі) тұрады. Оқушы «Зарядтау» батырмасын басып, сабақты қаншалықты меңгергенін көрсеткішті жылжыту (slider) арқылы белгілейді (0-ден 100%-ға дейін). Баллон толып, сүйкімді 3D құбыжық кейіпкерлер қуанып жарық шашады. Дизайны неоновые краски стилінде болсын.

AI арқылы кері байланыс жасау

Question Quest (Сұрақтар детективі)

Маған Pixar-дың «Ratatouille» / «The Incredibles» стиліндегі «Question Quest» кері байланыс веб-бетінің толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Тақырып: [Тақырып аты, мысалы: 5-сынып, Әдебиет]. Идеясы: Экранда үлкейткіш әйнегі бар детектив кейіпкер тұрады. Экранда 3 құпия лупа батырмасы болады: «Ең қызықты дерек», «Әлі де түсініксіз сұрақ», «Келесі сабаққа ұсынысым». Оқушы лупаны басқанда интерактивті өріс ашылып, жауап таңдауға мүмкіндік береді. Стильді, заманауи және анимациялы болсын.

AI арқылы кері байланыс жасау

Goal Archer (Нысанаға дәл тигізу)

Маған Pixar-дың «Brave» (Батыл жүрек) мультфильмі стиліндегі «Goal Archer» кері байланыс ойынының толық HTML, CSS және JavaScript кодын бір файлда жазып бер. Тақырып: [Тақырып аты, мысалы: 9-сынып, Алгебра - Квадраттық функциялар]. Идеясы: Экранда садақ пен нысана (жасыл - ондық, сары - орташа, қызыл - әлсіз) орналасады. Оқушы өз білімінің деңгейіне қарай садақпен Нысананы атып тигізеді. Жебе қай аймаққа тисе, сол бойынша оқушыға жеке интерактивті кері байланыс пен жігерлендіру сөзі шығады. Анимациясы тегіс, дизайны өте жарқын болсын.

Оқушы білімін бағалау

Жалпы Формативті Бағалау және Кері Байланыс

Сен 5-9 сынып оқытушысысың. Мен саған оқушының жұмысын беремін. Пән: [Пән аты], Тақырып: [Тақырып аты]. Оқушының жұмысын 10 баллдық жүйе бойынша бағалап бер. Жауапты мына құрылымда ұсын: 1) Қойылған балл (1-10 балл); 2) Неліктен бұл балл қойылды (дескриптор бойынша талдау); 3) Оқушының күшті жақтары (Не жақсы шықты?); 4) Жақсартуға арналған 2 нақты ұсыныс (Кері байланыс).

Оқушы білімін бағалау

Эссе және Жазбаша Жұмыстарды Дескриптормен Бағалау

Төмендегі [Пән аты] сабағынан [Сынып]-сынып оқушысының жазған эссесін/жазбаша жұмысын бағала. 10 баллды мына критерийлерге бөл: - Тақырыптың ашылуы мен аргументация (4 балл) - Құрылымы мен логикалық байланысы (3 балл) - Тілдік нормалар мен грамматика (3 балл) Қорытынды баллды есептеп, оқушыға жігерлендіруші дескрипторлық кері байланыс жазып бер.

Оқушы білімін бағалау

Математика мен Жаратылыстану Есептерін Бағалау

Оқушының [Математика / Физика / Химия] пәнінен орындаған есебінің шешімін 10 баллдық шкаламен бағала. Бағалау критерийлері: - Формула мен алгоритмді дұрыс таңдау (3 балл) - Есептеу амалдарының дәлдігі (4 балл) - Жауаптың негізделуі мен өлшем бірліктер (3 балл) Егер қате болса, оқушы қай жерде мүдіргенін көрсетіп, қалай түзету керектігін түсіндір.

Оқушы білімін бағалау

Жобалық және Зерттеу Жұмыстарын Бағалау

5-9 сынып оқушысының [Жоба тақырыбы] бойынша жасаған зерттеу/жоба жұмысына 10 баллдық бағалау жүргіз. Бағалау бағыттары: - Зерттеудің өзектілігі мен жаңалығы (3 балл) - Деректерді жинау мен талдау сапасы (4 балл) - Практикалық нәтиже мен қорытынды (3 балл) Оқушыға болашақта жобаны дамыту үшін 3 практикалық кеңес бер.

Оқушы білімін бағалау

Сараланған (Дифференциацияланған) Кері Байланыс

Төмендегі оқушы жауабын [Сынып]-сынып деңгейіне сай 10 баллдық жүйеде бағала. Кері байланысты екі нұсқада бер: А) Оқушының өзіне түсінікті, қолдау көрсететін, қарапайым тілмен жазылған кері байланыс. Ә) Ата-анаға арналған оқушының ілгерілеуі мен дамыту аймақтарын түсіндіретін ресми кері байланыс.

Оқушы білімін бағалау

БЖБ / ТЖБ Тапсырмаларын Бағалау Рубрикасы

Мен саған [Пән аты] бойынша оқушының БЖБ/ТЖБ орындау жауаптарын беремін. Оны 10 баллдық бағалау шкаласына сәйкестендіріп, әрбір тапсырма бойынша қанша балл алғанын кесте түрінде көрсет. Кестенің соңында жалпы 10 баллдық қорытынды жазып, оқушының қай тақырыпты қайталауы керектігін атап өт.

Оқушы білімін бағалау

Оқу Сауаттылығы мен Мәтінмен Жұмысты Бағалау

Оқушының мәтінді талдау және оқу сауаттылығы бойынша берген жауаптарын 10 баллдық шкаламен бағала. Критерийлер: - Мәтіннен негізгі ойды табу (3 балл) - Авторының позициясын талдау (3 балл) - Өз пікірін аргументпен дәлелдеу (4 балл) Оқушыға сыни ойлауын одан әрі дамытуға арналған бағыт-бағдар бер.

Оқушы білімін бағалау

Тілдік Пәндерден Сөйлеу / Жазылым Тілдік Дағдыларын Бағалау

Оқушының [Ағылшын / Қазақ / Орыс] тілінен жазған/сөйлеген жауабын 10 баллдық жүйеде бағала. Бағалау шкаласы: - Сөздік қор мен сөз қолданыс (Vocabulary) – 3 балл - Грамматикалық дәлдік (Grammar) – 3 балл - Ойдың жүйелілігі мен байланысуы (Coherence) – 4 балл Оқушыға сөздік қорын байыту үшін ұсыныстар бер.

Оқушы білімін бағалау

Топтық немесе Интерактивті Жұмысты Бағалау

Оқушының топтық тапсырма немесе интерактивті онлайн-ойын барысында көрсеткен нәтижесін 10 балл бойынша бағала. Бағалауда орындау жылдамдығын, дұрыс жауаптар пайызын және белсенділігін ескер. Оқушының ынтасын арттыратын мақтау және болашаққа мақсат қоюға көмектесетін кері байланыс жаз.

Оқушы білімін бағалау

«Сэндвич» Әдісімен Позитивті Кері Байланыс (10 Балл)

Оқушының [Тақырып] бойынша тапсырмасын 10 баллдық шкаламен бағалап, «Сэндвич» әдісімен (Мақтау -> Түзету/Өсу аймағы -> Сенім білдіру) кері байланыс дайында. Жауапта: 1) Жұмыстың сәтті тұстары, 2) Нақты қай балл не үшін шегерілгені (1-10 аралығында), 3) Баллды көтеру үшін не істеу керектігі және жігерлендіру сөзі болсын.